Қара алтын құны қайта құлдырап жатыр. Брент маркалы мұнай баррелінің бағасы 70 доллардан түсіп кетті. Ал WTI үш пайызға арзандап, 66 доллардан сатылып жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, бағаның төмендеуіне Ливиядағы саяси қақтығыс реттеліп, мұнай өндірісі қайта артуы мүмкін деген ақпараттар әсер еткен. Әрі Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуі де қара алтын құнын түсіріп жіберген.
Досжан Маратұлы