Ақтөбе облысында көлік өртеніп, екі адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында көлік өртеніп, екі адам зардап шекті

02.10.2024

Ақтөбе облысында жеңіл автокөлік тасымалдайтын жүк көлігі өртеніп кетті. Екі адам зардап шекті.

Оқиға Қобда ауданының аумағында, Самара-Шымкент тас жолында болды. Өрт автовоздың мотор бөлігінде тұтанып, тиелген алты автокөліктің үшеуін шарпып үлгерген.

Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, басқа үш темір тұлпарды қауіпсіз аумаққа шығарып үлгерді. Өкінішке қарай, жалынды өз күшімен сөндірмек болған 28 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі мен 30 жастағы Қырғызстан азаматын күйік шалған. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу