Байден: Дауылдан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге миллиардтаған доллар қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден: Дауылдан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге миллиардтаған доллар қажет

02.10.2024

Тропикалық «Хелен» дауылы жайпаған АҚШ-тың аудандарын қалпына келтіруге бірнеше жыл кетуі мүмкін. Бұған қоса миллиардтаған доллар қажет болады. АҚШ президенті Джо Байден осылай деп мәлімдеді.

Соңғы мәліметтерге сай, дүлей дауылдан Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Джорджия, Теннеси мен Вирджиния штаттарында 100-ден астам адам қаза тапқан. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі құтқарушылар шалғайдағы қалаларға әлі жеткен жоқ.

Джо Байден, АҚШ президенті:

Мен дауылдан зардап шеккен аймақтардың губернаторлары мен басқа да жетекшілерімен жиі байланыста болдым. Қалпына келтіру жұмысын тез бастау қажет. Бұл қымбатқа түседі. Адамдар үрейден арыла алмай отыр. Меніңше, мұндай сұрапыл дауыл бұл аймақта 1914 жылдан бері болмаған.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу