Еліміздің Энергетика саласындағы даулар жөніндегі арбитраж орталығы Стамбұл Арбитраж орталығымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Стамбұлда өтіп жатқан арбитраж апталығында сондай-ақ, Астана халықаралық қаржы орталығы соты мен Халықаралық арбитраж орталығы мамандары түркиялық әріптестерімен келіссөздер өткізді.
Елімізге инвестиция құйған шетелдік компаниялармен туындаған түрлі даулы мәселелерді осы Астана халықаралық қаржы орталығының соты қарайды. Халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсететін сот өткен жылдарда елімізде жұмыс істейтін түрік компанияларына қатысты 100-ден аса коммерциялық дауды оңтайлы шешкен. Стамбұлдағы панельдік сессияда қаржы орталығы сотының инвесторлармен жұмыс тәсілі туралы шетелдік сарапшыларға жан-жақты мағлұмат берілді.
Кристофер Кэмпбелл-Холт, Астана халықаралық қаржы орталығы соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы:
АҚШ-тан, Түркиядан және әлемнің өзге де елдерінен келген инвесторлардан Қазақстан экономикасына қаржы құюы үшін түпкілікті шешім қабылдауына елімізде Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен Арбитраж Орталығының болуы оң әсер еткенін жиі естиміз. Біз Қазақстанға келген инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында халықаралық стандарттарға сай заң үстемдігін әрдайым басты назарда ұстаймыз
Айдос Әшім