Қостанайда энергетика саласындағы озық тәжірибелер орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда энергетика саласындағы озық тәжірибелер орталығы ашылды

03.10.2024

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Жан Моне» бағдарлама бойынша «Erasmus+» халықаралық жобасы аясында «Еуро Одақтың баламалы энергетика саласындағы озық тәжірибелері» орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Орталық - еліміздегі электр энергиясының тапшылығы жағдайында зерттеу және озық технологияларды енгізу алаңы ретінде қызмет етеді. Іс-шараға шетелдік ғалымдар, жергілікті атқарушы органдардың, энергетикалық компаниялардың өкілдері қатысты.

Рихсибай Мамедов, М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ Президенті:

Бізге бұл өте қажет. Қазіргі таңда электр энергиясының тапшылығын жеңу үшін бізге бұл АЭС өте қажет. Сондықтан біз референдум аясында университетіміздегі осы орталықтың алдағы уақытта атқаратын жұмысы, берер нәтижесі өте көп деп ойлаймыз.


Хабарламаларға жазылу