Өткен түні Латын Америкасында күн тұтылды. Бұл астрономиялық құбылысты Чили мен Аргентинада сан мың адам тамашалаған. Олар Тынық мұхиттың үстінде Ай Күннің басым бөлігін жапқан сәтіне бірнеше минут бойы куә болды.
Ғалымдардың айтуынша, бұл көрініс жылда қайталанады. Оған ең алдымен Айдың Жерден тым алшақтап Күнді толық басуы себепші екен. НАСА-ның дерегінше, Күннің тұтылған сәті Оңтүстік Американың күнгейімен бірге Антарктика мен Гавай аралдарынан да көрінген екен.
Арыстан Рысбек