Қазақстанның денсаулық саласында волонтер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның денсаулық саласында волонтер көбейді

03.10.2024

Денсаулық сақтау саласында еріктілер көбейді. Әлеуметтік осал топтағы жандарға тегін профилактикалық көмек көрсететін кәсіби дәрігерлер де аз емес. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің отырысында айтылды.

Жастар кеңесінің қолдауымен өткен еріктілер слетінде волонтерлердің маңыздылығы мен олардың еңбегі жайында мәселелер қозғалды. Жергілікті медициналық университеттерден 3 000-нан астам студент алғашқы көмек берумен айналысып, қарттар үйінде онкологиямен ауыратын адамдарға профилактикалық ем көрсетеді.

Латиф Парпиев, дәрігер-реабитиолог, невролог, волонтер:

Өзімнің жұмысымнан тыс сол ДЦП балаларға тегін онлайн консультациялар және ютубта онлайн сабақтар жүргіземін. Карантиннен кейін еріктілер көбейе бастады. Себебі дамдар сол видеодан, әлеуметтік желіде адамдар көмек беріп жатқанын көрген. Дәрігерлер алдыңғыға қарағанда қазір көптеу болды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу