Ішкі істер министрлігі: Құжатсыз жүрген 404 адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі: Құжатсыз жүрген 404 адам анықталды

03.10.2024

Ішкі істер министрлігі құжаты және құқықтық мәртебесі жоқ азаматтарға көмектесіп жатыр. Жеке куәліксіз жүрген адамдарды анықтау жұмыстары шілде айында басталған. Қазірге дейін құжаттары жоқ 404 адам анықталды, оның 200-і ел азаматы, ал 14-інің азаматтығы жоқ. Қалғандарының құқықтық мәртебесі тексеріліп жатыр. Көші-қон қызметі құжаты жоқ азаматтарды білсеңіз, оларға құқықтық көмек көрсету мақсатында ведомствоға жүгінуді сұрайды. Ол үшін экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласуға кеңес береді. Тұрғылықты жері жоқ, шалғай жерлер мен шаруа қожалықтарында тұратын, денсаулығына байланысты өз бетінше жүгінуге мүмкіндігі жоқ адамдарға көмек көрсетеді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу