Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді

04.10.2024

Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді. Қаракөл көліне қонған құстарды жергілікті тұрғын видеоға түсірген. Бұл жолы қызғылт қоқиқаздың қауырсындары ерекше және сұр түсті екені байқалады. Қоқиқаздар Мағыстау өңіріне жылына екі рет келеді. Қанаттылар Қаракөл көлінде қарашаның соңына дейін аялдап, ары қарай ұшып кетеді. Кейін наурыздың басында қайта оралып, мамырдың ортасына дейін көлді мекендейді.

Аякөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу