Әлемде мұнай бағасы 5 пайызға өсті. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, бұған АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесі түрткі болған. Ақ үй басшысы «Израиль Иранның мұнай зауыттарына соққы бере ме? » деген сұраққа «Біз оны талқылап жатырмыз» деп жауап берді. Дүйсенбіден бері «Брент» маркалы мұнай 10 пайызға қымбаттаған. Қазір оның бір баррелі 77 долларға сатылып жатыр.
Арай Төлегенқызы