Бейруттегі халықаралық әуежай қасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейруттегі халықаралық әуежай қасында жарылыс болды

04.10.2024

Ливан астанасы Бейруттың оңтүстігінде халықаралық әуежай маңында бірнеше жойқын жарылыс болды. «Би-Би-Си»-дің мәлімдеуінше, Израиль армиясы «Хезболланың» нысандарына соққы берген. ЦАХАЛ бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен Израиль әскері мұның алдында Бейруттың оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды көшуге үндеген еді. Бұл шабуылдардың көздегені «Хезболланың» марқұм экс-лидері Хасан Насыралланың інісі әрі мұрагері Хашим Сафи ад-Дин болуы мүмкін. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу