СІМ: Шетелдегі 228 Қазақстан азаматы референдумда дауыс бермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ: Шетелдегі 228 Қазақстан азаматы референдумда дауыс бермейді

04.10.2024

АЭС құрылысына қатысты шетелде 12 мың 485 отандасымыз дауыс береді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова айтты. Оның дерегінше, Қазақстанның 59 елдегі мекемелерінде 74 учаскелік комиссия құрылған. Ал Ливан, Иран және Израильдегі 228 Қазақстан азаматы референдумда дауыс бермейді. Бұл - Таяу Шығыстағы жағдайдың айтарлықтай шиеленісуімен байланысты. Статистикаға жүгінсек, Израильде дауыс беру құқығы бар 53, Иранда 132, Ливанда 43 азамат бар.

Алуа Нәдірқұлова, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елші:

Қазіргі уақытта Израильде, Иранда және Ливанда тұратын азаматтарға аса қажеттілік болмаса, тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен аталған елдердегі Елшіліктермен байланысты болуын сұранғанбыз.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу