Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысы өтті. Ондағы негізгі мақсат – мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды кеңейту. Отырыс барысында арнаулы қызметтердің халықаралық терроризм, заңсыз көші-қон, трансұлттық қылмыс, киберқылмыс және есірткі бизнесі саласындағы қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.
Азамат Бейбітұлы