Қазақстанда атом электр станциялары салынған жағдайда әлемдік ядролық индустрия өкілдері жан-жақты қолдауға әзір. Бұл туралы Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың бас директоры мәлімдеді. Сама Бильбао-И-Леонның пікірінше, бұл салада әбден ысылған мемлекеттермен әріптестік орнату өте маңызды. Ол елдер инфрақұрылымды жоспарлау, нормативті-құқықтық база құру және қаржыландыру сияқты мәселелер бойынша бай тәжірибелерімен бөлісуге әзір. Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан сияқты Орталық Азия мемлекеттерінің таза энергия өндірісіне ерекше қызығушылық танытып отырғаны қуантады дейді халықаралық сарапшы.
Сама Бильбао-И-Леон, Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың бас директоры:
Осы жылы біз Қазақстанда болып, Дүниежүзілік ядролық форум өткіздік. Әлемнің түпкір-түпкірінен сарапшыларды шақырып, саланың қай бағытта дамып жатқаны жайлы ақпарат бердік. Қазақстан таза энергияны АЭС арқылы табуға ниеттенген жағдайда біз озық тәжірибелерімізбен бөлісуге әрдайым әзірміз.
Марина Бекенова