«Даналық - ұстаздан» республикалық акциясы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даналық - ұстаздан» республикалық акциясы өтуде

04.10.2024

Елімізде «Даналық - ұстаздан» республикалық акциясы өтіп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, шараға білім беру ұйымдарынан 3 миллионнан астам оқушы қатысып, бір мезетте «Ұстазым» әнін орындады. Педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге бағытталған акция қазақстандықтар арасында кең қолдау тапты. Балабақша тәрбиеленушілері мен оқушылардан бастап, мемлекеттік қызметкерлер, құтқарушылар, дәрігерлер және еліміздің танымал тұлғалары өз ұстаздарына әлеуметтік желілерде алғыс білдіріп жатыр. Акцияға қатысам деушілер әлеуметтік желіде #Біртұтас_тәрбие және #Даналық_ұстаздан хэштегтерін пайдалануға болады. 

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу