Алматыда мүсінші-зергер Естай Дәубаевтың «Зердем – өнерімде» атты жеке көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мүсінші-зергер Естай Дәубаевтың «Зердем – өнерімде» атты жеке көрмесі ашылды

04.10.2024

Алматыда елімізге танымал мүсінші-зергер Естай Дәубаевтың «Зердем – өнерімде» атты жеке көрмесі ашылды.

Естай Дәубаев – көшпенділердің дәстүрлі қару-жарақ өнеріне қайта дем берген ұста. Ол әсіресе, халықтың кесіп-шабу қаруларының біраз түрін қалпына келтірумен айналысты. Ал мына асатаяқты шебер осыдан 30 жыл бұрын таутекенің мүйізінен жасаған. Асыл тастармен сәндеп, күміспен күптеп қойыпты. 30 жыл уақыт өтсе де, асатаяқ әлі күнге дейін өңін бермей тұр, дейді көрермен. Жалпы көрмеге 200-ге жуық жұмыс қойылды. Басым көпшілігі, қару-жарақтар мен қыз-келіншектердің әшекей-бұйымдары және алтынмен апталған сәукелелер.

Естай Дәубаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Біреуінің мағынасымен, біреуінің уақытымен, біреуі көркемдігімен, біреуі өзінің материалдық құндылығымен ерекшеленеді. Біріне-бірі төтеп береді. Мынау менің затым құнды деп айта алмаймын. Өзімнің шығарған жұмыстарым арқылы жан дүниемді елге, халыққа білдіргім келеді.


Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу