Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл алаңның қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру тетігі ретінде танылғанын атап өтті. Мемлекет басшысы шұғыл және сараптамалық ақпаратты дер кезінде алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыра түсуге ықпал ететінін айтты. Сондай-ақ, бұл кездесудің қорытындысы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Оңғар Алпысбайұлы