Еуропа одағы мен Қытай арасында үлкен сауда соғысы басталды. Бүгін Еурокомиссия осы блокқа кіретін 10 ел қытайлық электромобильдерге тарифті 45% көтеруді қолдағанын мәлімдеді. Бейжің енді қарсы жақтан кек алуы мүмкін. Вашингтон мен Брюссельдің сөзінше, Қытай өзінің автоөнеркәсібіне мемлекеттен субсидия бөліп, машинаның бағасын түсіріп, шетелдік көлік жасаушыларға қауіп төндіріп тұр. Мұны жоққа шығарған Қытай Батыс елдерін әділ бәсекеде жеңіліске ұшырағанын мойындағысы келмейді деп айыптады. Ал мамырда Құрама Штаттар қытайлық автомобильдерге 100% тариф жариялап, олар үшін өз нарығын іс жүзінде толық жапқан еді.
Арыстан Рысбек