Ал АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қарашадағы сайлауда жеңсе, штаттарды газбен жүретін көліктерге тыйым салатын құқығынан айыратынын мәлімдеді. Мичигандағы сөйлеген сөзінде ол Жапонияға АҚШ-тың болат шығаратын компаниясын сатуға рұқсат бермейтінін де жеткізді. Өткен айда US Steel компаниясын жапониялық болат компаниясына 14,9 млрд долларға сату туралы шешім жарияланған еді.
Дональд Трамп, Ақш Экс-Президенті:
Мен АҚШ болатын сатуға рұқсат бермеймін. Жапонияға сату шешімі дұрыс болса да мен мұны қолдамаймын. Өйткені АҚШ-тың болат компаниясы 65-70 жыл бұрын әлемдегі ең мықты компания еді. Мен билікке келсем, оны сату шешімінің күшін жоям.
Арай Төлегенқызы