Референдумға еліміздегі барлық дауыс беру учаскелері дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдумға еліміздегі барлық дауыс беру учаскелері дайын

04.10.2024

Референдумға еліміздегі барлық дауыс беру учаскелері дайын. Облыс орталықтарымен қоса, аудан, ауылдарда референдумның заң аясында өтуін қоғамдық байқаушылар бақылайды. 

Жетісу облысында дауыс беру құқығына ие электорат саны 442 мыңнан асады. 463 учаске бар. Референдум кезінде қызмет көрсететін 1200 ерікті мен байқаушы арнайы оқытылды. Ал Көксу ауданында 26 мыңға жуық дауыс беруші бар.
Нұрлан Байғабылов, Көксу аудандық референдум комиссиясының төрағасы:
Қазіргі таңда бізде 38 учаске бар. Оның ішінде екі отгондық учаске. Біреуі Малайсары, Қақпақты. Екі жабық учаскесі бар. Ол аудандық аурухана және аудандық полиция бөлімі.
Қызылорда облысында ең көп дауыс беруші тіркелген елдімекендердің бірі Белкөл кенті. Мұнда 2700-ден аса тұрғын өз таңдауын жасауға құқылы. Ауылдағы референдум учаскесі толық жабдықталған. Жалпы облыста ауқымды шараның заң талаптарына сай өтуін 25 қоғамдық ұйымның өкілдері бақыламақ.
Әділбек Ерсұлтанов, Қызылорда облыстық референдум комиссиясының төрағасы:
6 қазан күні Қызылорда облысы 492380 дауыс беруші келіп өздерінің таңдауларын, дауыстарын береді. Осы дауыс берушілердің арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар болса оларға қолайлы жағдай жасалған. Бір пайыз артық есебімен бюллетендер келді. Қазіргі таңда барлық референдум учаскелеріне тартылды. 
Солтүстік Қазақстан облысында Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйде өз таңдауын жасау үшін 6-шы қазан, сағат 12-ге дейін өтініш беріп үлгеруі шарт. Сонымен қатар, референдум күні инвотакси тегін қызмет көрсетеді. Дауыс беру учаскелерінің барлығы аудио, видео құрылғылармен жабдықталған.
Қанат Сәдуақас, учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:
Үйге дауыс беруге учаскелік комиссияның екі мүшесі және егер қалауы бойынша бізде байқаушылар болса, бірге баруына рұқсат беріледі.
Жалпы теріскейде 591 референдум комиссиясы жұмыс істеп тұр. Өңірде 375 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу