Референдумда дауыс беру үшін барлығына жағдай жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдумда дауыс беру үшін барлығына жағдай жасалады

04.10.2024

Референдумда дауыс беру үшін барлығына жағдай жасалады. Әсіресе, арнайы қажеттілігі бар жандар еш кедергісіз таңдауын жасай алады. Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, елде 78 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат дауыс беруге құқылы. Сондықтан зағип азаматтар үшін барлық учаскелерде Брайль шрифті бар арнайы трафареттің болуы шарт. Республика бойынша 2,5 мыңға жуық бюллетеннің аудио нұсқасы беріледі. Ал есту қабілеті бұзылған азаматтарға ымдау тілі маманымен байланыстыру үшін интернет қосылады. Әрі арбада отыратын адамдарға арнайы кең кабиналардың болуы міндеттеледі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу