Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысуына жағдай жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысуына жағдай жасалады

04.10.2024

Референдумда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да дауыс беруіне барлық жағдай жасалады. Мәселен, Павлодар облысында жүріп-тұруы қиын 2735 адам бар. Уаскелік референдум комиссиялары олардың тізімін анықтап, учаскеге келе алмайтын жандарға дауыс беру жәшіктерін жібереді. Аймақтағы меншікті тілшіміз Болат Аманбаев Кемеңгер ауылына барып, дауыс беру учаскелерінің дайындығын көрді.

Аймақтағы аудандар арасында электорат саны бойынша ең үлкені Павлодар ауданы. 17 мың адам реферндумға қатысуға құқы бар. Соның 175- і мүмкіндігі шектеулі жандар. Қамиден Қайриденұлы 1 топтағы мүгедек.

Қамиден Саранжіпов, Кемеңгер ауылының тұрғыны:

Бұны халықпен ақылдасып шешеміз деп осы референдумды жасап отыр. Бұл дұрыс нәрсе. Менің көзім көрмейді. Мына бет әлпетті айыра алмаймын. Үйге апарамыз деген жәшікті. Жарайды өзім келіп дауыс берейін. Балалар әкеледі дедім.

Осы Кемеңгер ауылында арбаға таңылған және есту қабілеті нашар 10 адам бар екен. Олардың 7 і референдум учаскесіне келеміз деп отыр.

 Аян Байзақов, Кемеңгер ауылының тұрғыны:

Маған өз учаскемнен хабарласты. Үйге келейік пе деп. Бірақ мен өзім шештім, өзімнің даусымды келіп беремін деп. Осы референдум күнде өтіп жатқан жоқ. Ол өте маңызды. Біз үшін керек.

Облыс бойынша жүріп тұруы қиын 2735 адам бар. №397 референдум учаскесі мүгедек жандарға арнап арнайы автотұраққа дейін жасап қойған.

Ерсайын Дүйсенов, №397 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:

Белгі қойдық мына жерге. Ол кісі мына жерге автокөлікпен келіп, автокөлігінен түсіп бері қарай келеді де, мына пандусқа мінеді, мына кнопканы басады. Ол кісіні қарсы аламыз. Мына есіктен кіреміз. Ал, мынау сары жолақ «тактильный лента» деп аталады. Бұл көзі көрмейтін адамдарға арналған. Таяқшамен алып мына лента бюллетень алатын жерге дейін апарады.

Дауыс беру учаскелері Брайль жүйесі, яғни, нүктелі-бедерлі шрифтімен жазылған бюллетендермен қамтамасыз етілген.

Ләззат Уақпаева, Референдум комиссиясының хатшысы:

Шағын түсіндіру алаңы. Бұл жерге біз қызмет көрсетеміз құлағы естімейтін, көзі көрмейтін және ым-ишара арқылы түсіндіруді қажет ететін адамдарға. Қажетті міне лупамыз, мынау құлаққа естуге қажетті. Мына жерде бюллетень толтыратын трафарет.

Референдум күні ауырып қалған азаматтар болса, оларға да мобильдік қызмет көрсетіледі.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу