Босния мен Герцеговина тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Босния мен Герцеговина тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды

05.10.2024

Босния мен Герцеговинада тасқын мен сел жүріп, 16 адам қаза тапты. Марқұмдардың саны көбеюі мүмкін. Жоғалғандар іздестіріліп жатыр. Толассыз нөсер жауыннан кейін жүрген тасқынға байланысты елде төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апаттан елдің орталығы мен оңтүстігінде бірнеше қала мен ауыл зардап шеккен. Жолдар жабылып, электр жарығы өшті. Бұл құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Қорғаныс министрлігі, тасқыннан зардап шеккен аудандарға қарулы күштерді жібермек. Көршілес Хорватия мен Словенияда да үздіксіз жауыннан кейін өзендер арнасынан тасыған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу