Қызылорда облысында 492 мыңнан астам тұрғын референдумға қатысуға құқылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 492 мыңнан астам тұрғын референдумға қатысуға құқылы

06.10.2024

Қызылорда облысында 492 мыңнан астам тұрғын референдумға қатысуға құқылы. Аймақ бойынша 380 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады. Қазір солардың бірінен өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы тікелей қосылуға әзір.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Иә, тура жетіде біз тұрған 253-ші референдум учаскесінің есігі ашылды. Алғашқы келген адамға дәстүр бойынша сый-сияпат берілді. Байқағандарыңыздай комиссия мүшелері түгел ұлттық киім киген. Қазақы нақыш ерекше көз тартады.

Одан бөлек демалыс күні болса да, белсенділік танытып ерте тұрып келгендер үшін кіреберісте ыстық бауырсақ, құрт-ірімшік секілді түрлі дәм қойылған. Менің жанымда учаскелік комиссия төрайымы Лаула Жолаева ханым тұр.

Лаула Жолаева, №253 референдум учаскесінің төрағасы:

Жалпы дауыс беруші санын және жүріп-тұруы қиын, көз көрмейтін, есту қабілеті нашар мүгедектерге қандай жабдықтар қойылғанын айтып береді.

Айта кетейік, облыстағы мұнай-газ кен орындарындағы вахталық жұмысшыларға арналған 6 учаскеде арнайы қаулыға сәйкес дауыс беру таңғы 6-да басталды.

Жалпы аймақта 27 жабық референдум учаскесі бар. Онда дауыс беру процесі ерте аяқталады. Ал жүріп-тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі жандарға өңірде 45 инватакси қызмет көрсетеді.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу