Республика бойынша 10 325 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика бойынша 10 325 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр

06.10.2024

Республикалық референдумда ел бойынша 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Референдум бүгін таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін өтеді. Ел азаматтары өздері тіркелген учаскеге барып дауыс беруіне болады. Елімізде дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар. Ал, Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылған. Онда учаскелік комиссиялар заңға сәйкес жұмыс істейді.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу