Атырау облысында тұрғындар 274 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында тұрғындар 274 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Атырау облысында тұрғындар 274 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр. 2 000-нан астам комиссия мүшесі жұмыс істеуде. Қаладағы учаскелердің бірінен әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланысқа шығуға әзір.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Мен қазір Атырау қаласындағы нөмірі 90-шы референдум учаскесінде тұрмын. Таңертең сағат 7-ден учаске ашылып, дауыс беру басталды. Оған дейін комиссия мүшелерінің байқаушылармен бірігіп, сейфтен бюллетендерді алып шыққанына куә болдық.
Жалпы бүгін облыс бойынша 274 референдум учаскесі жұмыс істейді. Онда 411 880 азамат дауыстарын береді деп күтілуде. Көріп тұрғандарыңыздай мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдай жасалған. Қала және аудандарда 94 инватакси қызметі ұйымдастырылды. Әлеуметтік қорғау органдары арқылы 15 сурдоаудармашы тартылған. Әр келген дауыс беруші осы кабинкаларда өз таңдауын жасап, мына жәшікке әкеп салады.
Атырау өнеркәсіптік аймақ болғандықтан көп азамат вахталық әдіспен жұмыс істейді. Мұнайшыларда қоғамдық маңызды шарадан қалыс қалмайды. Олар үшін Атырау қаласы және Жылыой, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандарында 38 референдум учаскесі жұмысын бастады. Осы уақыт аралығында заң талаптары сақталмады деген дерек тіркелген жоқ. Кешкі 20:00-ге дейін дауыс берушілер үшін учаске есігі айқара ашық.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу