СҚО-да EXIT POLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да EXIT POLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Референдум учаскелерінде EXIT POLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр. Петропавл қаласында дауыс беру басталған сәттен интервьюерлер өз жұмысына кірісті. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауаптың қайсысын таңдадыңыз? EXIT POLL өкілдері референдумға қатысушыларға осындай бір ғана сұрақ қояды. Сауалнама анонимді түрде өтеді. Оған қатысушылардың аты-жөні көрсетілмейді.

Гүлзат Тоқсанбаева, интервьюер:

Мақсатымыз – осы болып жатқан процесстің ашық және әділ болғанын қадағалау. Біз осы бөлімшеде екі интерьвюер болып жұмыс істеп жатырмыз. Дауыс берушілердің жасын, ұлтын белгілейміз. Сұрақтың нәтижесін приложение арқылы тапсырамыз.

Э.Кәленова 

Хабарламаларға жазылу