Павлодар облысында референдум кезінде заң бұзу деректері тіркелген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында референдум кезінде заң бұзу деректері тіркелген жоқ

06.10.2024

Павлодар облысында 520 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың дені ауылдық жерлерде. Облыс орталығында 139 учаске бар. Қазір біздің меншікті тілшіміз Болат Аманбаев тікелей байланысқа шықты.

Павлодар облысында 520 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың дені ауылдық жерлерде. Облыс орталығында 139 участок бар. Қазір біздің меншікті тілшіміз Болат Аманбаев тікелей байланысқа шықты. Болат, өндірісті өңір тұрғындарының белсенділігі қалай? Дәл қазіргі уақытта электораттың қанша пайызы таңдау жасағаны жайлы мәлімет бар ма сізде?

Болат Аманбаев, тілші:

Мендегі бар мәлімет бойынша қала тұрғындарына қарағанда ауылдық жерлерде адамдардың белсенділігі байқалады. Осы сағат 2-ге дейін облыс бойынша тұрғындардың 40 пайызы таңдау жасапты. Біз қазір Павлодар қаласындағы №11 ші реферндум учаскесіндеміз. Бұл жерде 2 079 адам дауыс беру құқына ие екен.

Облыс бойынша 6126 азамат алғаш рет дауыс берген. Оларда әдеттегідей учаске жұмысын бастасымен өз таңдауларын жасаған. Әзірге заң бұзушылық дерегі тіркелген жоқ. Референдумды аймақта 2,5 мыңннан аса байқаушы қадағалап отыр.


Хабарламаларға жазылу