Ұлыбританиядағы отандастарымыз дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританиядағы отандастарымыз дауыс беріп жатыр

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Ал Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі жанында орналасқан дауыс беру учаскесінде референдумның басталғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Өйткені Лондон Астана уақытынан 4 сағат артта. Қазір бізбен тікелей байланысқа Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова шыққалы тұр. 

Марина Бекенова, тілші:

Мен қазір елшілік жанындағы №376 дауыс беру учаскесінің алдындамын. Kazakhstan House, яғни «Қазақстан үйі» деген маңдайшасы бар ғимараттың төбесінде көк туымыз желбіреп тұр. Лондонда әдеттегіше күн бұлтты, бірақ жаңбыр жоқ. Тек кешке қарай жауады деген болжам бар. Таңғы 7-де ашылған елшілікке дауыс берушілер келіп жатыр. Учаске қажетті құрал-жабдықтармен түгелдей қамтылған. Референдум комиссиясының мүшелері ережелердің толық сақталуын қамтамасыз етуде. Дауыс берушілердің басым көпшілігі студенттер қауымы. Бірінші болып келген отандасымызға елшілік тарапынан сыйлық берілді.
Әлішер Қараман, студент:

Мен бірінші курс студентімін. Вестминстер университетінде IT мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Бүгін өмірімде бірінші рет және Лондонда бірінші болып дауыс беруге келдім. Конституциялық құқығымды жүзеге асыру мен үшін үлкен мәртебе.
Бегайым Ибрагимова, турист:
Бұл жерде біздің ұлымыз Нұрғанат Сүттібай қызмет атқарады. Алтыншы жыл осы жерде отбасымен тұрып жатыр. Бізді қонаққа шақырған еді.
Орынбасар Сүттібаев, турист:
Қазақстанның азаматы ретінде осы Лондонда жүрсем де елшілікке келдім дауыс берейін, өз ойымды, пікірімді білдірейік деп келдік.
Айта кету керек, референдум туралы ақпарат жарияланған сәттен бастап, Ұлыбританиядағы отандастарымыздың көпшілігі елшілікке алдын ала тіркелген. Олардың барлығы осында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары. Ұлыбританиядағы референдум барысы туралы алдағы шығарылымдарда тағы қосымша хабардар етеміз. 

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу