Петропавлда 3,5 мыңнан астам студент алғаш рет дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда 3,5 мыңнан астам студент алғаш рет дауыс берді

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Петропавлда алғаш рет дауыс беру құқығына ие 3 500-ге жуық адам тіркелді. Олардың басым бөлігі университет пен колледж студенттері. Теріскейдегі әріптесім Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста.

Эльмира Кәленова, тілші:

Референдум учаскелеріне келушілер легі саябырлай бастағаны байқалады. Халық түске дейін белсенділік танытып, басым бөлігі өз таңдауын жасап үлгерді. Алғаш рет дауыс беріп отырған жастардың бірі менің жанымда тұрған Арина Талғат. Тараздың тумасы Қызылжарға білім қуып келген екен.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 600-ге жуық референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. 400 мыңға жуық адам дауыс беру құқығына ие. Соңғы ақпаратқа сәйкес олардың көбі өз таңдауын жасап үлгерді.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу