АӨСШК миссиясы: Референдумға жастар белсенді қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АӨСШК миссиясы: Референдумға жастар белсенді қатысып жатыр

06.10.2024

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі байқаушыларының пікірінше, референдум ашық әрі кедергісіз өтіп жатыр. Дауыс беруге халық белсенді қатысуда. Әсіресе ұйым жастардың белсенді қатысып жатқанын байқаған. Байқаушылардың пікірінше, дауыс беру учаскелері де жақсы жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін Брайль шрифті, шақырту батырмасы қарастырылып, бар жағдай жасалған.

Чжан Лин, АӨСШК миссиясының басшысы:

Референдум учаскелерінде дауыс беру пайызы жоғары. Жастар көп. Олар отбасымен, бала-шағасымен де келіп жатыр. Комиссия мүшелері дауыс беруді оңтайлы жүргізу үшін барлық қажетті жағдайды жасаған. Сұрақтар туындаған жағдайда түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Хабарламаларға жазылу