Халықаралық байқаушылар: Халықтың белсенділігі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық байқаушылар: Халықтың белсенділігі жоғары

06.10.2024

Халықаралық байқаушылар дауыс беру учаскелерінің жұмысын оң бағалап, халықтың белсене қатысып жатқанын жеткізді. Олардың пікірінше, референдум ашық өтіп жатыр. Заң бұзушылық тіркелмеген. Дауыс беру учаскелері жақсы жабдықталып, ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалғанын атап өтті.

Олег Копылов, ШЫҰ байқаушылары миссиясының басшысы:

Референдум мінсіз өтіп жатыр. ШЫҰ-нан 13 байқаушы келдік. Бірқатар сайлау учаскесінде болдық. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Адамдар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр. 50 пайыздан астамы өз таңдауын жасады. Комиссия мүшелері мен байқаушылардың дайындығы жоғары деңгейде.

Чжан Лин, АӨСШК миссиясының басшысы:

Референдум учаскелерінде дауыс беру пайызы жоғары. Жастар көп. Олар отбасымен, бала-шағасымен де келіп жатыр. Комиссия мүшелері дауыс беруді оңтайлы жүргізу үшін барлық қажетті жағдайды жасаған. Сұрақтар туындаған жағдайда түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.


Хабарламаларға жазылу