Республикалық референдум дауысын санау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық референдум дауысын санау басталды

06.10.2024

Сонымен, АЭС салу бойынша республикалық референдумда дауыс беру аяқталды. 1 сағат бұрын елдегі барлық учаске жабылды. Сағат 20.00 де дауыстарды санау басталды.

ОРК 18.00 дегі дерегі бойынша елдегі дауыс беруге құқылы 12 млн-нан астам адамның 62 пайызға жуығы өз таңдауын жасаған. Қоғамдық науқанның нәтижесі дауыс берген күннен бастап 7 күн ішінде жарияланады.

Еске салсақ, бүгін таңғы сағат 7.00-ден кешкі 8-ге дейін ел көлемінде 10 мың 323 учаске жұмыс істеді. Ал, Қазақстан аумағынан тыс 74 референдум учаскесі құрылып, отандастарымыз әлемнің 59 елінде таңдауын жасады.

Рүстем Әбілдаев, №68 референдум учаскесінің төрағасы:

Сағат 20.00 де референдум учаскесінің есігі жабылды. Алдымен пайдаланылмаған бюллетеньдерді саналады. Сосын барып халықтың дауысын санаймыз. Заң бойынша қолданылмаған бюллетеньдер утилизацияға жіберіледі. Ал, саналған дауыстарды Орталық сайлау комиссиясына апарамыз.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу