Елордада мүгедектігі бар 36 мың адам тұрады, оның 21 мыңнан астамы дауыс беру құқығына ие. Референдум учаскелерінде ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркелген учаскелерде арбаға таңылғандар үшін пандустар, көруі нашар жандар үшін арнайы бедерлі жолақ, бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндік беретін трафарет және жеке көмекшілер тартылған.
Айғаным Жантұрлиева, № 165 референдум учаскесінің комиссия хатшысы:
Біздің 165 учаскемізде мүмкіндігі шектеулі тіркелегн 3 азаматымыз келді. Ол кісілерге үйлеріне баратын едік, өздері келеміз деп өтініш білдірді. Олардың арнайы орындары бар, кабинкасы бар. Сосын өзіміздің арнайы еріктілеріміз бар арнайы жолымыз бар, пандусқа дейін шығарып салдық. Ол кісілерге белсенді болғандары үшін рахмет.
Назгүл Әмірбек