Сарапшы: Жаңа саяси мәдениет орнығып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Жаңа саяси мәдениет орнығып келеді

06.10.2024

Республикалық референдум - демократиялық елдерге тән көрініс. Мақсат – халықтың пікірін білу, көзқарасымен келісу. Сайлау учаскелеріне ағылған жұрттың қарасы - елімізде саяси белсенділіліктің артқанының дәлелі,- дейді сарапшылар.


Нұрбек Пұсырманов, мемлекет тарихы институтының директоры:
Қоғам үшін маңызды идеяны референдум түрінде таңдауға, өздерінің де сайлаушылармен бірге жан-жақты қолдаушыларын да шақырған болатын Сондықтан бұл референдумның нәтижесі енді кешке белгілі болады. Сол шыққан жағдайда мына халықтың алдағы мәселелерді толыққанды бақылауына мүмкіндік алады.
Бауыржан Серікбаев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:
Демократиялық елдерде осындай референдум арқылы халық өзінің көзқарасын білдіріп, мемлекеттің дамуына, мемлекеттік басқаруға, шешімдер қабылдауға өз құқығын қолдана отырып, қоғам болып, өзінің пікірін білдіріп отырады. Қазіргі таңда да біздің елде осындай референдумның өтіп отырғандығы жаңа саяси мәдениеттің орнығып келе жатқандығының бір көрінісі.
Мақпал Жақыпбек

Хабарламаларға жазылу