Бүгін бірде-бір дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.
Ал, елімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылды. Оның 18 мыңы тек дауыс беру учаскелерінде жұмыс істеді. Референдум учаскелері тәулік бойы полицияның күзетінде болды.
Самал Қабышева