Дауыс беру басталған сәттен экзитпол өкілдері де қызу жұмыс істеді. Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалаларында ұйымның ондаған мүшесі бірнеше учаскеде дауыс берушілермен тілдесіп, қандай таңдау жасағанын жазып алды. Экзитпол өкілдері сайлау учаскелерінің тек сыртында жұмыс істеді. Сауалнама «үздіксіз ағын» әдісі бойынша жүргізілді.
Мадина Алдажанова, Exit poll тобының жетекшісі:
Іріктеліп алынған учаскелерде халықтан сауалнама алуда. Ең негізгі мақсат – халықтың референдумға қатысуының белсенділігі қандай екенін анықтау. Жалпы халықтың қатысуы жаман емес, белсенділік танытып жатыр. Әр түрлі жас категориясы келуде.