Exit poll нәтижесі: қазақстандықтардың 69,8 %-ы АЭС салуды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Exit poll нәтижесі: қазақстандықтардың 69,8 %-ы АЭС салуды қолдайды

07.10.2024

Енді еxit poll-дың нәтижелеріне тоқталсақ. «Астана - кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жүргізген сауалнамаға сай, қазақстандықтардың 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берген.  

Қор еліміздің 189 учаскесінде сауалнама жүргізген. Оған 283 мың 519 азамат қатысты. «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауалға оның 69,8 пайызы «ия» деп жауап берген. Ал 30,2 пайызы АЭС-ті салуға келіспейтінін білдірген.

Еуразиялық интеграция институты да exit poll нәтижесін жариялады. Сауалнамаға еліміздің әр өңірінен 30 546 адам қатысып, 250 дауыс беру учаскесі қамтылған. Нәтижесінде, респонденттердің 71,8 пайызы атом электр стансасын салуға «Иә, келісемін» деп жауап берсе, қалған 28,2 пайызы «Жоқ, келіспеймін» жауабын таңдаған. 

Қоғамдық саясат институты да барлық өңірде сауалнама жүргізді. Exit poll әдістемесі бойынша арнайы оқытылған кәсіби мамандар 300 дауыс беру учаскесіндегі 44 мың респонденттен сауалнама алған. Нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысына «иә, келісемін» десе, 27,2 пайызы «жоқ» деп жауап берген. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу