АЭС бойынша референдумда халықтың 63,87 пайызы дауыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС бойынша референдумда халықтың 63,87 пайызы дауыс берген

07.10.2024

Сонымен АЭС салуға қатысты референдумға 7 820 918 қазақстандық дауыс берген. Бұл дауыс беру құқығына ие азаматтардың 63,87 пайызы.

Алдын ала қорытындыларға сай, өңірлердің арасында Қызылорда облысының халқы белсенді болды. Өңір халқының 82 пайызы референдумға қатысқан. Мұнан соң Ақтөбе және Түркістан облыстарының 75 пайызы дауыс берген. Үштікті Шығыс Қазақстан және Қостанай аймақтары түйіндеді.  

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу