Қарқаралы ауданында құрғақ шөп өртеніп, бір өрт сөндіруші қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралы ауданында құрғақ шөп өртеніп, бір өрт сөндіруші қаза тапты

07.10.2024

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында құрғақ шөп өртеніп, 1 адам қаза тапты. Тілсіз жаумен алысқан тағы 4 өрт сөндіруші зардап шекті.

Көрші Павлодар облысы аумағына дейін өткен қызыл жалыннан 3 мың гектардан аса жер күйіп кетті. Қазіргі таңда жедел штаб құрылып, құтқарушылар тобына қосымша күш жіберілді.

Өртті сөндіруге Қарағанды мен Павлодардан 183 адам, 56 арнайы техника және 4 тікұшақ шығарылды.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу