Босния және Герцеговинада тасқын мен лай көшкінінен 18 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Босния және Герцеговинада тасқын мен лай көшкінінен 18 адам қаза тапты

07.10.2024

Босния және Герцеговинаның орталық бөлігінде алапат тасқын болып, лай көшкіндерінен 18 адам қаза тапты. Тағы бірнеше тұрғын жоғалып кетті.

Соңғы мәліметке қарағанда, елде төтенше жағдай жарияланған. Ал кейбір қалалар мен ауылдарды толық су басты.

Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Апатқа төпелеп жауған жаңбыр себеп болды. Бірқатар аудандарда судың деңгейі үйлердің шатырына дейін көтерілген. Елге Хорватия, Сербия, Солтүстік Македония және Еуропа одағының мемлекеттері көмек жөнелтіп жатыр.

Айта кетсек, қазір көршілес Черногория мен Хорватияға да тасқыннан қауіп төніп тұр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу