Газа секторында соғыс басталғанына бүгін тура бір жыл толды. Израиль армиясы бұл палестиналық анклавқа шабуылды жалғастырып жатыр. Өткен тәулікте босқындар жасырынған мектеп пен мешітке ракета түсіп, 24 адам мерт болды.
Айта кетсек, былтыр қазанның 7-сінде хамастықтар Израильдің оңтүстігіне басып кіріп, 1200-дей тұрғынды өлтіріп, 250-ін кепілге алды. Содан кейін Израиль әскері «Хамастан» кек алу операциясын бастап кетті. Бүгінге дейін 42 мыңға жуық палестиналық қаза тапқан. Құрбандардың арасында мыңдаған әйел мен бала бар.
Арыстан Рысбек