Атырауда 2 жайлы мектеп пайдалануға берілді. Бұл облыста осы бағытта салынатын білім ордаларының алғашқысы. 1200 және 300 оқушыға арналған заманауи ғимараттарда сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. 2 спорт зал, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған екі асхана, 260 орындық акт зал және кітапхана бар. Сонымен қатар психолог, логопед, медициналық кабинеттерімен, заманауи үлгідегі оқу сыныптарымен жарақталған. Жалпы облыста жайлы мектеп бағдарламасымен 12 білім шаңырағының құрылысы басталған болатын. Егер барлығы пайдалануға берілсе 12 мыңнан аса оқушы жаңа мектеппен қамтылады.
Марат Әбуов, облыстық білім беру басқармасының басшысы:
Жыл аяғына дейін тағы екі мектеп тапсырылатын болады. Бұл біздің облысымыздағы үш ауысымды мектептердің және өзге мектептердің жүктемелерін азайтатын болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт