Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі шахталардың бірінде апат болып, екі адам қаза тапты. «Саяқ-3» шахтасында көміртегі газы бөлініп, барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланған. Тағы бір қызметкер уланып ауруханаға түскен, жағдайы орташа деңгейде. Еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрып, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Ал полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.
Жандос Бақытұлы