Гаитиде 6 мың 300-дей адам үйін тастап кетті. Олардың үдере көшуіне қаруланған қылмыстық топтың Понт-Сонда қаласында 70 адамды атып өлтіруі себеп болған. Қазір босқындарға үкіметтік емес ұйым азық-түлік таратып жатыр.
Айта кетсек, Гаити астанасы Порт-е-Пренстің 80 пайызы қылмыскерлердің бақылауында. Қарулы ұйымдар негізгі жолдарды басып алып, өзара жауласып жатқандықтан, тауар тасымалдау қиындаған. Елдің 11 млн-нан астам халқының жартысы аштыққа ұшырап жатыр. Ал жергілікті билік қылмыскерлермен күреске элиталық полицияны да жұмылдырғанын мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек