Шымкент кәсіпкерлері азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент кәсіпкерлері азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан

07.10.2024

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын әдейі қымбаттатқан 400-ден астам кәсіпкердің ісі әшкере болды. Олар тауар бағасына қосылатын үстемені 15 пайыздан асырып жіберген. Осылайша олар сұйық май мен қантты белгіленген бағадан қымбатқа сатып келіпті. Бұл жайтты кезекті тексеріс кезінде құзырлы орындар анықтап, заңға бағынбаған кәсіпкерлерге әкімшілік шара қолданды. Олардың іс-әрекетіне байланысты 425 әкімшілік хаттама толтырылды. Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандарының айтуынша, қазіргі таңда шаһардағы «Акбар», «Жібек» және «Барыс» базарларындағы сауда орындары ғана азық-түлікті өзгелерге қарағанда төмен бағамен сатып келеді.

Оспан Әбиев, сауда және тұтынушылар құқығын қорғау Департаменті басшысының орынбасары:

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204 бабына сәйкес бірінші тармағында ескерту қарастырылған. Яғни ескерту береміз. Ал бір жылдың ішінде қайталайтын болса әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Айыппұл ретінде.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу