Бауырлас елдегі азаматтар белсенді дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауырлас елдегі азаматтар белсенді дауыс берді

07.10.2024

Өзбекстанда тұрып жатқан қазақстандықтардың 85 пайызы республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Бұл туралы Ташкенттегі № 399 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы мәлімдеді. КСМ Қазақстан елшілігі жанынан құрылған учаскеге келушілер легі кешкі сағат 8-ге дейін толастамады. Белсенділік өте жоғары болды. Жалпы, бұл - шет мемлекеттердегі ең ірі учаскелердің бірі. Ал дауыс бергендер - бауырлас елде жұмыс бабымен жүрген, сондай-ақ білім алуға келген қазақстандықтар. Мұнан бөлек осы елдегі шипажайларда демалып жатқан отандастарымыз өз таңдауын жасады. Ол үшін жылжымалы жәшіктерді жеткізетін топтар жасақталды.

Жасұлан Ысқақов, №399 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:
600 адамнан, жоспарланған, 528 адам референдумға қатысты, жас азаматтардың белсенділігінің арқасында тізімдегі азаматтардың 85 проценті дауыс берді бізде.
Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу