Референдум - халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында іске асырылған кезекті нақты қадамдардың бірі екені сөзсіз. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысында осылай деді.
Жиында бейсенбіде өтетін палата отырысында қаралатын күн тәртібі бекітілді. Қазақстан мен Катар арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім қаралады. 8-9-ы күндері өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы пысықталды. Жоғары палата спикері АЭС салу мәселесіне қатысты өткен республикалық референдумның қорытындысына тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Бұл оқиға Президентіміздің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында іске асырылған кезекті нақты қадамдардың бірі екені сөзсіз. Референдумға қатысушылардың саны жоғары болғанын білесіздер. Тиісті ақпараттарды орталық сайлау комиссиясы беріп жатыр.
Динара Жарқынбек