Қызылордада «Референдум қорытындысы - ұлт барометрі» тақырыбында ҚХА отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Референдум қорытындысы - ұлт барометрі» тақырыбында ҚХА отырысы өтті

07.10.2024

Атом электр станциясы тұрақты энергия кепілі. Республикалық референдумға Сыр жұртылығы белсенді атсалысып, маңызды жобаға жоғары деңгейде қолдау білдірді. 

Бүгін жергілікті ғалымдар Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерімен кездесіп, атом электр станциясы туралы ой-пікірімен бөлісті. Өндіріске ғылымды қолданбай жетістікке жету мүмкін емес. Ал Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің бірі. Сондықтан, жерасты қазба байлығын келешекте ғылыми тұрғыда пайдалану керек. «Атом станциясы арқылы тұрақты энергия көзін өндіру ұтымды шешім» - дейді ғалымдар.

Бахытқан Әбдікәрімов, Физика-матемкатика ғылымдарының докторы:

Атом энергиясы бұл әлемдегі ең озық елдердің пайдаланып жатқан энергиясы. Ең дамыған елдер қазба байлықсыз-ақ осы энергияны қолданып отыр. Жастардың ғылымға деген бетбұрысы, жастардың ғылымды мойындауы, ғылым жетістігін пайдалану мүмкіндігінің бар екенін түсінгендігі деп білеміз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу