Ақтауда «Әбіш әлемі - суретшілер көзімен» атты республикалық суретшілер симпозиумы басталды.
Шара Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығы аясында өтуде. Оған Алматы, Астана, Талдықорған, Орал, Ақтөбе қалаларының суретшілері мен Маңғыстаудың қылқалам шеберлері қатысуда.
Симпозиум Ә.Кекілбайұлының шығармаларын насихаттап, дарынды шығармашыл тұлғалармен тәжірибе бөлісу мақсатында ұйымдастырылған. Қатысушылар автордың шығармаларынан композициялық жұмыстар орындайды. Суретшілердің туындылары 11 қазан күні облыстық әмбебап кітапханада көрмеге қойылады.
Оралбек Қабөке, кәсіби суретші:
Бұл симпозиумды классик өнерлердің тоғысуы деп санар едім. Өйткені бір үлкен классик автордың шығармаларын тағы бір классик өнердегі шығармашылық топтың көзқарасымен оны келесі шығармаға айналдыру оның ары қарай өміршеңдігін, ары қарай аша беретін үлкен жақсы шараның бастамасы деп санаймын. Мен Әбіш ағаның поэзиясы емес, проза жанрындағы шығармасын таңдадым, «Шыңырау».
Аягөз Оралбайқызы